13 сағат бұрын
Қарағандыда жаңа футбол академиясы ашылады

Freedom компаниясының басшысы Тимур Турлов өңірге ерекше сый тартпақ – соңғы технологиялармен жабдықталған, заманауи футбол академиясы.
Академияның жалпы аумағы – 9,61 гектар. Мұнда ашық футбол алаңдары ғана емес, қыста жаттығуға арналған жылы манеж де болады.
3500 көрерменге арналған стадион жобаланған, оның трибунасында арнайы түсірілім алаңы қарастырылған. Бұл дегеніміз, академияда бірінші және екінші лига матчтары өтетін болады, ал қажет болса, Премьер-лига ойындарын өткізу де мүмкін.
Мұндай заманауи академия Қазақстанда әзірге Алматыдағы «Қайратта» ғана бар. Ал біздің мақсат – еліміз бойынша осындай 18-20 академия ашу.
