13 сағат бұрын
Руслан Болов «Жетісу» клубынан кетті

Фото. «Жетісу» футбол клубы
Ресейлік шабуылшы Руслан Болов «Жетісу» клубынан кетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Клубтың баспасөз қызметі бұл шешімн футболшының еңбек шартының аяқталуына байланысты қабылданғанын атап өтті.
- Форвард өткен маусымда волгоградтық «Ротор» клубынан ауысып, «Жетісу» сапына қосылған болатын. Биылғы маусымда ол жетісулықтар үшін 16 матч өткізіп, 4 гол соқты. Клубымыз Русланға қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, алдағы футболдық жолында сәттілік тілейді, - деп жазылған хабарламада.
