9 сағат бұрын
Футболдан Бірінші лигада «Шахтер» екінші орынға көтерілді

Фото: Kffleague.kz
Бүгін футболдан Бірінші лигада 14-турдың алғашқы ойын күні өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Соңғы екі турда жеңілістің ащы дәмін татқан «Шахтер» бұл жолы сүрінген жоқ. Сырт алаңдағы астаналық «SD Family» командасымен кездесуінде олардың қатарынан Арман Нүсіп 68, 77-минутта мергендік танытты.
Осылайша қарағандылық клуб қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде 29 ұпаймен екінші орынға көтерілді.
Сондай-ақ аталған турдың алғашқы ойын күнінде Павлодар облысының «Екібастұзы» өскемендік «Алтайдан» 1:3, «Түркістан»алматылық AKAS клубынан 0:2 есебімен жеңіліп қалды.
Енді 18 шілдеде «Хан тәңірі» (Алматы) мен «Қайрат-2» (Алматы), «Тараз» бен «Академия Оңтүстік» (Шымкент), «Ертіс» (Павлодар облысы) пен «Ақтөбе-2», «Каспий» (Ақтау) мен «Жетісай» (Түркістан облысы) ойнайды.
Турнир кестесінде алғашқы екі орынға ие болған командалар алдағы жылы Премьер-лигаға қатысуға тікелей жолдамаға қол жеткізеді.
