9 сағат бұрын

Футболдан әйелдер лигасында БИІК қарсыласын ірі есеппен жеңді

Футболдан әйелдер лигасында БИІК қарсыласын ірі есеппен жеңді

Фото: Футболдан Қазақстан кәсіби лигасы

Футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының алдын ала өткізілген он тоғызыншы турында шымкенттік БИІК қарсыласын ірі есеппен жеңді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Шымкенттік команда 17 шілдеде өз алаңында Қостанайдың «Тобыл» командасын қабылдаған еді. Бірінші кезеңде олар қарсылас қақпасына жауапсыз он екі гол соғып үлгерді. Екінші кезеңде шымкенттік футболшылар тағы он бір мәрте гол соғудан көзге түсті.

Осылайша олар қарсыласынан 23:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесіндегі жағдайын одан әрі жақсарта түсті. Қазір олардың еншісінде 40 ұпай бар. Шымкенттік команда «Ақтөбеден» үш ұпайға ұзай түсті.

Қазірге дейін гол соғу жөнінен «Ақтөбе» рекорд жаасған еді. Олар сырт алаңда Көкшетаудың «Оқжетпесін» 24:0 есебімен басым түсті. Олар бұған дейін 19 мамырда «Атырауды» 19:0 есебімен тізе бүктірген еді.

Айта кетсек, бұдан бұрын он үшінші тур ойындары өтті. 

Бұл турдың ойын нәтижелері төмендегіше:

«Жеңіс» (Астана) - «Оқжетпес» (Көкшетау) 6:0

«Қызылжар» (Петропавл) - «Астана» 1:0

«Жетісу» (Талдықорған) - «Ақтөбе» 0:9

«Қайрат» (Алматы) - БИІК (Шымкент) 0:11

«Атырау» - «Елімай» (Семей) 1:5

«Томирис-Тұран» (Түркістан) - «Ұлытау» (Жезқазған) 0:1

«Қайсар» (Қызылорда) - «Тобыл» (Қостанай) 1:2.


Қош бол Еуропа лигасы! «Ақтөбе» сол күйі «Легия» қақпасына гол соқпады

Футбол 8 сағат бұрын

Қош бол Еуропа лигасы! «Ақтөбе» сол күйі «Легия» қақпасына гол соқпады

Соққы бар, дәлдік жоқ: «Ордабасы» Конференция лигасынан сенсациялық түрде шығып қалды

Футбол 8 сағат бұрын

Соққы бар, дәлдік жоқ: «Ордабасы» Конференция лигасынан сенсациялық түрде шығып қалды

Футболдан әйелдер лигасында БИІК қарсыласын ірі есеппен жеңді

Футбол 9 сағат бұрын

Футболдан әйелдер лигасында БИІК қарсыласын ірі есеппен жеңді

Футболдан Бірінші лигада «Шахтер» екінші орынға көтерілді

Футбол 9 сағат бұрын

Футболдан Бірінші лигада «Шахтер» екінші орынға көтерілді

Руслан Болов «Жетісу» клубынан кетті

Футбол 13 сағат бұрын

Руслан Болов «Жетісу» клубынан кетті

Су спорты түрлерінен әлем чемпионатында қазақстандық спортшылардың нәтижесі белгілі болды

Басқа 13 сағат бұрын

Су спорты түрлерінен әлем чемпионатында қазақстандық спортшылардың нәтижесі белгілі болды