8 сағат бұрын
Соққы бар, дәлдік жоқ: «Ордабасы» Конференция лигасынан сенсациялық түрде шығып қалды

Конференциялар лигасының бірінші іріктеу кезеңінің жауапты матчында жергілікті «Ордабасы» грузиялық «Торпедодан» (Кутаиси) өте алмады, деп хабарлайды Sport12.kz
Ысқырық шалынысымен, шымкенттіктер шабуылдап, бірнеше қауіпті сәттер ұйымдастырды. Алайда есепті қонақтар ашты. 13-минутта Ираклий Бидзинашвили алыстан бағыттаған соққысымен қонақтарды есепті алға шығарды.
Екінші тайм басында грузиялық қорғаушы Соломон Кверквелия екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Әйтсе де алаң иелерінің толассыз шабуылдары өз нәтижесін бермеді. Шымкенттіктер 25 соққы жасағанымен, оның тек 10-ы ғана қақпаға дәл бағытталдыү
Ойынның қосымша уақытында, 90+6-минутта «Ордабасы» сапынан Абылайхан Жұмабек таразы басын теңестіргенімен, барлығы кеш еді.
«Ордабасы» (Қазақстан) — «Торпедо» (Грузия) 1:1 (0:1)
Голдар: Бидзинашвили 13 (0:1), Жұмабек 90+6 (1:1)
Қызыл қағаз: Кверквелия (49 минут)
Бірінші ойын: 3:4
