8 сағат бұрын
Қош бол Еуропа лигасы! «Ақтөбе» сол күйі «Легия» қақпасына гол соқпады

Ақтөбеде өткен Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінің жауапты матчында жергілікті «Ақтөбе» поляктың «Легия» (Варшава) командасын қабылдап, 0:1 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sport12.kz
90 минут бойы екі команда да шабуылға жиі шығып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Әйтсе де командалар 31 соққы жасағанымен, көрермендер бір ғана голдың куәсі болды.
90+2-минутта «Легия» сапынан Элитим есеп ашып, өз командасына жеңіс сыйлады.
«Ақтөбе» (Қазақстан) — «Легия» (Польша) 0:1 (0:0)
Гол: Элитим 90+2 (0:1)
Бірінші матч: 0:1
«Ақтөбе» Еуропа лигасының іріктеуінен шығып қалғанымен, Еурокубокты жалғастырады. Олар келесі аптада Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңінде Чехияның «Спарта» (Прага) клубымен кездеседі.
