12 сағат бұрын

Бірінші лига: «Каспий» өз алаңында «Жетісаймен» тең түсті 

Бірінші лига: «Каспий» өз алаңында «Жетісаймен» тең түсті 

Фото: Футболдан Қазақстан кәсіби лигасы

Бүгін футболдан Бірінші лигада 14-тур мәресіне жетті, деп Sport12.kz.

Бұл турдың екінші ойын күні, 18 шілдеде төрт ойын өткізілді. Олардың арасында көш басында келе жатқан «Каспий» (Ақтау), «Ертіс» (Павлодар), «Алтай» (Өскемен) клубтары бар. 

Ақтаулық команда өз алаңында Түркістан облысының «Жетісайын» қабылдады. Олар ойламаған жерден қарсыласымен ұпай бөлісуге мәжбүр болды. «Каспий» сапынан Мирас Тұрлыбек 10, 75-минутта гол соқса, түркістандық клубтан Нұржан Дандыбаев 8, Аян Құлмағанбетов 14-минутта мергендік танытты. Кездесу 2:2 есебімен тең аяқталды.

Ал «Ертіс» өз алаңында «Ақтөбе-2» командасын 3:0 есебімен жеңсе, алматылық «Хан тәңірі» сол қаланың «Қайрат-2» командасына 0:4 есебімен жол берді. 

Сондай-ақ «Тараз» бен «Академия Оңтүстік» клубтары 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Аталған турда 17 шілдеде Павлодар облысының «Екібастұзы» өскемендік «Алтайдан» 1:3, «Түркістан» алматылық AKAS клубынан 0:2 есебімен жеңіліп қалса, қарағандылық «Шахтер» астаналық «SD Family» командасынан 2:0 есебімен басым түсті.

Енді алдағы тур ойындары 24 және 25 шілде күндері өткізіледі.

Алматы әкімі Орталық стадионды халықаралық стандарттарға сай жаңғыртуды тапсырды

Футбол 1 минут бұрын

Алматы әкімі Орталық стадионды халықаралық стандарттарға сай жаңғыртуды тапсырды

Африкалық футболшы Шымкентте 8 жылға сотталды

Футбол 9 минут бұрын

Африкалық футболшы Шымкентте 8 жылға сотталды

Әртістік жүзуден Карина Магрупова әлем чемпионатында финалға өтті   ⠀

Басқа 12 сағат бұрын

Әртістік жүзуден Карина Магрупова әлем чемпионатында финалға өтті  ⠀

Бірінші лига: «Каспий» өз алаңында «Жетісаймен» тең түсті 

Футбол 12 сағат бұрын

Бірінші лига: «Каспий» өз алаңында «Жетісаймен» тең түсті 

Ұлттық спорт олимпиадалық спорт түрлерімен қатар бағаланады

Басқа 12 сағат бұрын

Ұлттық спорт олимпиадалық спорт түрлерімен қатар бағаланады

Әлем чемпионаты: Әртістік суға жүзуден жүлде бұйырмады 

Басқа 17 сағат бұрын

Әлем чемпионаты: Әртістік суға жүзуден жүлде бұйырмады