13 сағат бұрын
Қайрат Нұрдәулетов «Оқжетпеспен» екінші рет қатарынан жеңіске жеті

Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионда Көкшетаудың «Оқжетпес» командасы Жезқазғанның «Ұлытау» клубынан басым түсті, деп хабарлайды Sport12.kz
Ойын басынан-ақ алаңда тең деңгейдегі тартыс байқалды. Ал бірінші таймның соңына таман Никола Цуцкич гол соғып, алаң иелерін алға шығарды.
«Ұлытау» екінші таймда есепті теңестіруге тырысқанымен, мүмкіндігін жүзеге асыра алмады. Нәтижесінде ойын 1:0 есебімен «Оқжетпестің» пайдасына аяқталды.
Осы жеңістен кейін «Оқжетпес» 27 ұпай жинап, турнирлік кестеде бесінші орынға көтерілді. Ал «Ұлытау» 13 ұпаймен 12-орында қалды.
«Оқжетпес» — «Ұлытау» 1:0 (1:0)
Гол: Цуцкич, 44-минут (1:0)
Қызыл қағаз: Қалмырза, 88-минут
