5 сағат бұрын
«Қайрат» футбол клубы Финляндияға чартерлік рейспен аттанды

Фото: «Қайрат» футбол клубы
Бүгін сағат 10:00-де команда Алматыдан Куопиоға тікелей чартерлік рейспен аттанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, дәл осы қалада УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінің бірінші матчы Финляндияның қазіргі чемпионы «КуПС»-ке қарсы өтеді.
Кешке «Куопион Кескускенття» стадионында алғашқы жаттығу жоспарланған.
Айта кетсек, аталған турнирдің алғашқы іріктеу кезеңінде алматылық клуб словениялық «Олимпия» (1:1, 1:0) клубын қапы қалдырды.
