9 сағат бұрын
Чемпиондар лигасы: «Қайрат» бүгін «КуПС» командасымен кездеседі

Алматылық «Қайрат» футбол командасы UEFA Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңінде бүгін Финляндияның «КуПС» командасымен кездеседі, деп хабарлайды Sport12kz.
Кездесу қазақстандық уақытпен 20:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Бұл ойын бүгін, 22 шілдеде Словенияда өткізілсе, қарымта ойын Алматыда 29 шілдеге белгіленген.
«КуПС» командасы 1923 жылы құрылған. Өз елінде вейккауслигасында жеті мәрте чемпион атанды. Былтыр жеңіс тұғырына көтерлген олар биыл Чемпиондар лигасында бақ сынауға мүмкіндік алды.
Биыл Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінде олар Молдованың «Милсами» клубын екі ойынның нәтижесімен (0:0, 1:0) орта жолда қалдырды.
Ал бірінші іріктеу кезеңінде алматылық команда екі ойынның нәтижесімен Словенияның «Qлимпиясын» (1:1, 2:0) есебімен жеңді.
Еурокубок ойындарына тұрақты түрде қатысып келеді. 2021/22 жылғы маусымда Конференция лигасы плей-офф сатысына дейін жетті. Сол жылы үшінші іріктеу кезеңінде олар елордалық «Астананы» екі ойынның нәтижесімен (1:1, 3:4) қапы қалдырған еді.
Алматылық клуб еурокубок ойындарына тұрақты түрде қатысып келеді. Дегенмен соңғы екі жылда бақ сынаған жоқ. 2022/23 жылғы маусымда Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінде Венгрияның «Кишварда» (0:1, 0:1) командасынан екі мәрте жеңіліп қалды.
