11 сағат бұрын
Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы Еуролига ойындарына қатысады

Фото: ҚФФ
Бұл ойындар 25-27 шілде күндері Италияның Кастелламмаре ди Стабиа қаласында өтеді, деп хабарлайды Sport12kz.
Еуролига аясында (EBSL 2025 – Euro Beach Soccer League)
Қазақстан құрамасы В дивизионында Румыния, Норвегия және Мальтамен кездеседі.
Жарыс алдында ұлттық құрама 20-24 шілде аралығында оқу-жаттығу жиынын өткізеді.
Ойыншылар тізімі:
Қақпашылар: Дастамиден Дагиев («Арман»), Дмитрий Бровко («Barqy»);
Қорғаушылар: Игорь Демешко, Михаил Кайзер (екеуі де – «Арман»), Әбдіқадыр Құрбанов («Омега»), Нұрдәулет Болатбек («Малайсары»);
Шабуылшылар: Айдын Маликов («Малайсары»), Артур Деринг, Нұрлан Жүнәсов (екеуі де – TK B&A), Арман Шотанов («Barqy»), Владислав Шевчук, Алан Мыңбаев (екеуі де – «Арман»);
Ұлттық құраманың аға бапкері міндетін Артем Ерохнович атқарады.
Ойындар кестесі:
25 шілде. 15:30: Қазақстан – Румыния
26 шілде. 14:15: Норвегия – Қазақстан
27 шілде. 14:15: Мальта – Қазақстан
Барлық ойын BSWW TV платформасында тікелей эфирде көрсетіледі.
Еске салсақ, жағажай футболынан Қазақстан ұлттық құрамасы былтыр Еуролиганың топ-дивизионына өтті
.
