9 сағат бұрын
Григорий Бабаян: 26 шілдеде Молдоваға ұшуға мәжбүрміз

«Астана» клубының бас бапкері Григорий Бабаян Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында Молдованың «Зимбру» командасына қарсы алдағы матчта клубтың қиындыққа тап болғанын жеткізді, деп хабарлайды Sport12.kz
– 26 шілдеден бастап біз өз стадионымызда жауапты ойынға дайындала алмаймыз. Сондықтан 26 шілдеде Молдоваға ұшып, сол жақта дайындалуға тура келеді. Бұл барлық жағынан ең тиімді шешім: логистика жағынан да қосымша ұшуға шығындалмайсың, қаржылық жүктемесі де аз. Шын мәнінде, біздің көп таңдауымыз болмады. Мұның бәрі дайындық процесіне айтарлықтай әсер етеді. Дегенмен, біз қажетті нәтижеге қол жеткізуге тырысамыз, – деді Бабаян.
Айта кетейік, бастапқыда жеребе қорытындысы бойынша, бірінші матч 24 шілде күні Кишинёвте (Молдова), ал қарымта ойын 31 шілдеде Қазақстан астанасында өтуі тиіс болатын. Алайда, 1 тамыз күні «Астана Аренада» америкалық поп-жұлдыз Дженнифер Лопестің концерті өтетіндіктен, ойын күндеріне өзгеріс енгізілді.
