1 күн бұрын

Футболдан Бірінші лигада «Каспий» сырт алаңда ірі есеппен жеңді

Футболдан Бірінші лигада «Каспий» сырт алаңда ірі есеппен жеңді

Фото: ҚФФ

Бүгін футболдан Бірінші лигада XV турының алғашқы ойын күні өтті, деп хабарлайды Sport12.kz

Бұл турда ақтаулық «Каспий» сырт алаңда Шымкенттің «Академия Оңтүстік» командасын 6:1 есебімен тізе бүктірді.

Кездесу барысында ақтаулық клубтан Мирас Тұрлыбек 1, 53, 69, Бекзат Қабылан 68, Едіге Оралбай 81, Жақып Қожамберді 87-минутта гол соқса, оған шымкенттік командадан Мағжан Тоқтыбай 51-минутта бір голмен жауап қайырды.

Сондай-ақ тағы бір кездесуде павлодарлық «Ертіс» сырт алаңда Алматының «Қайрат-2» командасын 3:0 есебімен жеңсе, «Ақтөбе-2» өз алаңынла Павлодар облысының «Екібастұзына» 2:5 есебімен есе жіберді.

Ал 25 шілдеде «Алтай» (Өскемен) мен «Тараз», «Жетісай» (Түркістан облысы) мен «Түркістан», «Шахтер» (Қарағанды) мен «Хан тәңірі» (Алматы), AKAS (Алматы) пен «SD Family» (Астана) ойнайды.

Турнир кестесінде алғашқы екі орынға ие болған командалар алдағы жылы Премьер-лигаға қатысуға тікелей жолдамаға қол жеткізеді.

Биыл «Каспий», «Ертіс», «Шахтер» командалары үздіктер қатарында болады деп болжанып отыр.


Аустриядағы турнирде Александр Бублик жартылай финалға шықты

Теннис 10 сағат бұрын

Аустриядағы турнирде Александр Бублик жартылай финалға шықты

«Жеңіс» өз алаңында жеңіске жете алмады

Футбол 11 сағат бұрын

«Жеңіс» өз алаңында жеңіске жете алмады

Әртістік жүзуден отандастарымыз жаһандық додада жүлдесіз қалды

Басқа 11 сағат бұрын

Әртістік жүзуден отандастарымыз жаһандық додада жүлдесіз қалды

Семсерлесуден әйелдер құрамасы әлем чемпионатында фаворитті жарыстан шығарды

Басқа 12 сағат бұрын

Семсерлесуден әйелдер құрамасы әлем чемпионатында фаворитті жарыстан шығарды

Қазақстандық төрешілер УЕФА Конференция лигасы матчында қызмет атқарды

Футбол 14 сағат бұрын

Қазақстандық төрешілер УЕФА Конференция лигасы матчында қызмет атқарды

Моңғолиядағы турнирдің алғашқы күнінде жүлде бұйырған жоқ

Дзюдо 14 сағат бұрын

Моңғолиядағы турнирдің алғашқы күнінде жүлде бұйырған жоқ