1 күн бұрын

Конференция лигасы: «Астана» елордада «Зимбру» командасымен тең түсті

Конференция лигасы: «Астана» елордада «Зимбру» командасымен тең түсті

UEFA Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінде бүгін қазақстандық «Астана» Молдованың «Зимбру» командасына қарсы алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz

Жанкүйерлер молдовалық команда жөнінде түрлі болжам жасаған еді. Елордалық клуб жарыстың келесі сатысына ешқандай қиналмастан шығады деген болжам айтқандар болды. Десе де ойын барысында молдовалық футболшылар «Астанаға» қарсы жинақы қимыл көрсетті.

Алғашқы минуттан елордалық команда ойын тізгінін өз қолында ұстауға тырысты. Қос қанаттан жиі шабуыл ұйымдастырып, жылдам гол соғуға күш салды. Дегенмен бұл мақсатына жете алған жоқ. Есесіне өз қақпасына 45-минутта гол жіберіп алды. Оны Гай Дахан өзінің еншісіне жазды.

Екінші кезеңде 56-минутта «Астана» сапынан Иван Башич таразы басын теңестірді.  

Осылайша командалар 1:1 есебіне қанағат білдіріп тарасты.

Қарымта кездесу 31 шілде күні өткізіледі.

Енді Конференция лигасында «Ақтөбе» өз алаңында Чехияның «Спарта» (Прага) командасымен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, бұдан бұрын Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңінде алматылық «Қайрат» Финляндияның «КуПС» командасына есе жіберді. 

Аустриядағы турнирде Александр Бублик жартылай финалға шықты

Теннис 10 сағат бұрын

Аустриядағы турнирде Александр Бублик жартылай финалға шықты

«Жеңіс» өз алаңында жеңіске жете алмады

Футбол 11 сағат бұрын

«Жеңіс» өз алаңында жеңіске жете алмады

Әртістік жүзуден отандастарымыз жаһандық додада жүлдесіз қалды

Басқа 11 сағат бұрын

Әртістік жүзуден отандастарымыз жаһандық додада жүлдесіз қалды

Семсерлесуден әйелдер құрамасы әлем чемпионатында фаворитті жарыстан шығарды

Басқа 12 сағат бұрын

Семсерлесуден әйелдер құрамасы әлем чемпионатында фаворитті жарыстан шығарды

Қазақстандық төрешілер УЕФА Конференция лигасы матчында қызмет атқарды

Футбол 13 сағат бұрын

Қазақстандық төрешілер УЕФА Конференция лигасы матчында қызмет атқарды

Моңғолиядағы турнирдің алғашқы күнінде жүлде бұйырған жоқ

Дзюдо 14 сағат бұрын

Моңғолиядағы турнирдің алғашқы күнінде жүлде бұйырған жоқ