1 күн бұрын

Конференция лигасы: «Ақтөбе» өз алаңында «Спартадан» басым түсті

Конференция лигасы: «Ақтөбе» өз алаңында «Спартадан» басым түсті

Фото: «Ақтөбе» футбол клубы

Қазақстандық «Ақтөбе» UEFA Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінде бүгін қазақстандық Чехияның «Спарта» командасынан басым түсті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Қазақстандық команда алғашқы минуттан шабуылға көбірек көңіл бөлді. Оған чехиялық клуб қорғаушылары лайықты қарсылық көрсетті. Ойынның 29-минутында «Ақтөбе» сапынан Дэниел Соса мергендігімен көзге түсті. Бірінші кезеңде «Спарта» таразы басын теңестіруге ұмтылды. Дегенмен мақсатына жете алған жоқ.

Екінші кезеңде де қазақстандық клуб қарқынын бәсеңдеткен жоқ. Нәтижесінде Оралхан Өміртаев 83-минутта есепті үстемелей түсті.

Ал 90-минутта «Ақтөбе» қақпасына белгіленген пенальтиден «Спарта» футболшысы Велько Бирманчевич мүлт кеткен жоқ.

Осылайша «Ақтөбе» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.

Енді қарымта кездесу 31 шілде күні өткізіледі.

Айта кетсек, «Спарта» футбол клубы 1893 жылы құрылған. Қазірге дейін өз елінде 35 мәрте чемпион атанып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізді.

«Ақтөбе» еурокубок ойындарын Еуропа лигасы бірінші іріктеу кезеңінен бастап, бұл жолы Польшаның «Легия» командасына (0:1, 0:1) есебімен жол берді.

Айта кетсек, бұдан бұрын қазақстандық «Астана» өз алаңында Молдованың «Зимбру» командасымен 1:1 есебімен тең түсті.

Еске салсақ, бұдан бұрын Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңінде алматылық «Қайрат» Финляндияның «КуПС» командасына есе жіберді. 


Аустриядағы турнирде Александр Бублик жартылай финалға шықты

Теннис 10 сағат бұрын

Аустриядағы турнирде Александр Бублик жартылай финалға шықты

«Жеңіс» өз алаңында жеңіске жете алмады

Футбол 11 сағат бұрын

«Жеңіс» өз алаңында жеңіске жете алмады

Әртістік жүзуден отандастарымыз жаһандық додада жүлдесіз қалды

Басқа 11 сағат бұрын

Әртістік жүзуден отандастарымыз жаһандық додада жүлдесіз қалды

Семсерлесуден әйелдер құрамасы әлем чемпионатында фаворитті жарыстан шығарды

Басқа 12 сағат бұрын

Семсерлесуден әйелдер құрамасы әлем чемпионатында фаворитті жарыстан шығарды

Қазақстандық төрешілер УЕФА Конференция лигасы матчында қызмет атқарды

Футбол 13 сағат бұрын

Қазақстандық төрешілер УЕФА Конференция лигасы матчында қызмет атқарды

Моңғолиядағы турнирдің алғашқы күнінде жүлде бұйырған жоқ

Дзюдо 14 сағат бұрын

Моңғолиядағы турнирдің алғашқы күнінде жүлде бұйырған жоқ