1 күн бұрын
Мохамед Буя Турай «Жетісу» сапына қосылды

Фото: «Жетісу» футбол клубы
Талдықорғандық «Жетісу» командасы сапына Сьерра-Леонеден келген Мохамед Буя Турай қосылды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Командамыздың құрамын Сьерра-Леонеден келген футболшы толықтырды. 30 жастағы шабуылшы Швеция, Бельгия және Қытай чемпионаттарында ойнап, мол тәжірибе жинақтаған. Мохамедтің соңғы клубы — АҚШ-тың «Бирмингем Легион» командасы болды.
