18 сағат бұрын

Бауыржан Исламхан «Астана» клубына ауысты

Бауыржан Исламхан «Астана» клубына ауысты

Ұлттық құраманың көшбасшы футболшысы саналатын Бауыржан Исламхан «Астана» клубымен жыл соңына дейін келісім-шарт жасады, деп хабарлайды Sport12.kz

«Қазіргі таңда Бауыржан өз бабынан әлі алыс­та екенін жақсы түсініп отырмыз. Жарақатынан кейін ол бұрынғы қалпына келуі үшін уақыт қажет. Мұндай жағдайдан ешкім сақтандырылмаған. Сондықтан Исламханның ұлттық құрама мен отандық футболдағы еңбегін ескере отырып, клуб оның толық қалпына келуіне көмектесу дұрыс деп шешті. Біз оған уақыт керек екенін түсінеміз. Қазір ол біздің мақсаттарымызды орындауға тікелей көмектесе алмайды. Соған қарамастан, оның жоғары деңгейдегі футболшы екеніне еш күмәніміз жоқ. «Астана» оған қайта қалпына келуге, бұрынғы бабына еніп, қазақстандық жанкүйерлерді ойынымен қайта қуантуға мүмкіндік беруге дайын», – деді «Астана» клубының басшысы Саян Хамитханов.

Бауыржан Исламхан бұған дейін 2013 жылы елордалық клубтың намысын қорғап, жарты маусымда 8 ойын өткізген еді.



«Қайсар» 10 ойыншымен жеңіске жетті

Футбол 6 сағат бұрын

«Қайсар» 10 ойыншымен жеңіске жетті

«Елімай» талдықорғандықтарға еш мүмкіндік қалдырмады

Футбол 7 сағат бұрын

«Елімай» талдықорғандықтарға еш мүмкіндік қалдырмады

«Қайрат» турдың орталық ойынында жеңіске жетті

Футбол 8 сағат бұрын

«Қайрат» турдың орталық ойынында жеңіске жетті

Вадим Шарлаимов Тбилисидегі әлем чемпионатының 1/64 финалына шықты

Басқа 9 сағат бұрын

Вадим Шарлаимов Тбилисидегі әлем чемпионатының 1/64 финалына шықты

2026 жылғы Көшпенділер ойындарында көкпар болмайды

Көшпенділер ойыны 2024 13 сағат бұрын

2026 жылғы Көшпенділер ойындарында көкпар болмайды

Тимур Құмашев пен Григорий Чеховский өмір бойына қызметінен шеттетілуі мүмкін

Футбол 16 сағат бұрын

Тимур Құмашев пен Григорий Чеховский өмір бойына қызметінен шеттетілуі мүмкін