15 сағат бұрын
«Қайрат» турдың орталық ойынында жеңіске жетті

Қазақстан Премьер-Лигасының 18-турының орталық ойыны Қостанайда өтіп, жергілікті «Тобыл» мен алматылық «Қайрат» жолықты, деп хабарлады Sport12.kz
Тартысты өткен матчта ойын басымдылығы екі команда арасында кезек ауысып отырды. Алғашқы таймның қосымша уақытында «Қайрат» есеп ашып, Жоржиньо гол соқты.
Екінші таймда Валерий Громыко есепті 2:0-ге жеткізді. Артынша алаң иелері пенальти тебуге мүмкіндік алып, Ахмед Эль-Мессауди сәтті пайдаланды.
Ал 89-минутта Рикардиньо есепті 3:1-ге жеткізіп, командасының жеңісін түбегейлі бекітті.
Бұл жеңістен кейін «Қайрат» 40 ұпай жинап, көш басындағы «Астанамен» ұпай санын теңестірді. Ал «Тобыл» 35 ұпаймен үшінші орында қалды.
«Тобыл» — «Қайрат» 1:3 (0:1)
Голдар: Жоржиньо 45+1 (0:1), Громыко 68 (0:2), Эль-Мессауди (пенальти) 76 (1:2), Рикардиньо 89 (1:3)
Қызыл қағаз: Эссьен («Қайрат»), 77 минут.
