14 сағат бұрын
«Елімай» талдықорғандықтарға еш мүмкіндік қалдырмады

Қазақстан Премьер-Лигасының 18-турында Семейде «Елімай» мен талдықорғандық «Жетісу» ойнады, деп хабарлады Sport12.kz
Кездесудің бірінші таймында-ақ «Елімай» екі гол соғып, басымдықты өз қолына алды. Алдымен 14-минутта Фессу Плакка есеп ашса, 37-минутта Ғалымжан Кенжебек пенальтиді сәтті орындады.
Екінші таймның қосымша уақытында Муртазаев тағы бір гол соғып, қорытынды есепті бекітті. Есеп: 3:0.
«Елімай» — «Жетісу» 3:0 (2:0)
Голдар: Плакка 14 (1:0), Кенжебек (пенальти) 37 (2:0), Муртазаев 90+1 (3:0)
Қызыл қағаз: Саксесс («Жетісу»), 84 минут.
