1 күн бұрын

Қазақстанда 100 жаңа шағын футбол алаңы салынады

Қазақстанда 100 жаңа шағын футбол алаңы салынады

Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Қазақстан футбол федерациясы Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) бастамасымен FIFA Arena әлемдік инфрақұрылымдық жобасына қатысатын 11 елдің бірі болып таңдалды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Жоба аясында Қазақстан мектептерінде заманауи талаптарға сай 100 шағын футбол алаңы салынады.

FIFA Arena бағдарламасында әлем бойынша 1000 мектеп алаңы салынады деп жоспарланған. Әрбір алаңның өлшемі – 20 х 40 метр және ФИФА бекіткен соңғы техникалық талаптарға сай болмақ. Бұл бастама балалар мен жасөспірімдерге қолжетімді, қауіпсіз әрі сапалы инфрақұрылым қалыптастыруды көздейді.

FIFA Arena жобасы бойынша жасанды жамылғының жаңа түрі қолданылады. Бұл алаңда резеңке ұнтағы қолданылмайды, сондықтан экологиялық жағынан тиімді, күтіп-баптау жеңіл және балалар үшін қауіпсіз болмақ.

Мектептер тізімі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп бекітіледі. Жасыл алаңдардың құрылысы екі жыл ішінде аяқталмақ. Алғашқы нысандар Хромтау мен Көкшетау қалаларында бой көтереді.

Әлем чемпионаты: Грек-рим күресінен қазақстандық екі спортшы финалға шықты

Күрес 5 сағат бұрын

Әлем чемпионаты: Грек-рим күресінен қазақстандық екі спортшы финалға шықты

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» бүгін «КуПС» командасынан қарымта қайтара ала ма

Футбол 5 сағат бұрын

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» бүгін «КуПС» командасынан қарымта қайтара ала ма

Нұрмат Мырзабаев екі айдан кейін «Тараздың» бас бапкері қызметінен кетті

Футбол 17 сағат бұрын

Нұрмат Мырзабаев екі айдан кейін «Тараздың» бас бапкері қызметінен кетті

Қызылордадағы жаңа стадион жақында пайдалануға беріледі

Футбол 20 сағат бұрын

Қызылордадағы жаңа стадион жақында пайдалануға беріледі

Бактиер Зайнутдинов ресми түрде Мәскеудің «Динамо» клубының ойыншысы атанды

Футбол 1 күн бұрын

Бактиер Зайнутдинов ресми түрде Мәскеудің «Динамо» клубының ойыншысы атанды

Қазақстанда спорттық жарыстарға қатысудың ең төменгі жас мөлшері бекітілді

Басқа 1 күн бұрын

Қазақстанда спорттық жарыстарға қатысудың ең төменгі жас мөлшері бекітілді