17 сағат бұрын
Чемпиондар лигасы: «Қайрат» үшінші іріктеу кезеңіне шықты

Фото: «Қайрат» футбол клубы
Алматылық «Қайрат» футбол командасы UEFA Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңінде Финляндияның КуПС командасын жеңіп, жарыстың үшінші кезеңіне шықты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Алматылық команда биыл еурокубок ойындарының бірінде негізгі кезеңде бақ сынауды алдына мақсат етіп отыр. Сондықтан олар әзірге Чемпиондар лигасында сәтті өнер көсретуге күш салып келеді. Десе де қазақстандық команда финляндиялық клубпен алғашқы кездесуінде 0:2 есебімен жол беріп қойған еді.
Аталған жеңілістен кейін қазақстандық жанкүйерлер көкейінде «Қайрат» қарымта қайтара ала ма деген асуал тұрған еді. Осындай жауапкершілікті сезінген алматылық команда алғашқы минуттан шабылға лап қойды.
Осылайша алматылық клуб сапынан 9-минутта Дастан Сәтпаев есеп ашса, Жоржиньо 29, Валерий Громыко 44-минутта мергендік танытты.
Екінші кезеңде финляндиялық команда таразы басын теңестіруге ұмтылды. Дегенмен мақсатына жете алған жоқ.
Осылайша «Қайрат» қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсіп, аталған турнирдің үшінші іріктеу кезеңіне шықты.
Жарыстың аталған сатысында қазақстандық клуб «Слован» (Словакия) — «Зриньски» (Босния және Герцоговина) жұбының жеңімпазымен кездеседі.
