23 сағат бұрын

РЕСМИ: Луис Диас «Бавария» ойыншысы атанды!

РЕСМИ: Луис Диас «Бавария» ойыншысы атанды!

Колумбиялық жартылай қорғаушы Луис Диас «Ливерпульден» мюнхендік «Баварияға» ауысты. Трансфер клубтар арасында келісімге келіп, ресми түрде жарияланды.

28 жастағы футболшы 2029 жылға дейінгі келісімшартқа қол қойды. Жаңа клубындағы жылдық жалақысы – 14 миллион еуро. Диас 14-нөмірлі жейдемен өнер көрсететін болады.

Трансфер сомасы – 75 миллион еуроға дейін

The Athletic дерегінше, «Ливерпуль» Диас үшін 70 миллион еуро көлемінде тұрақты төлем алады, ал қосымша 5 миллион еуро бонус ретінде төленуі мүмкін. Бұл – клуб тарихындағы үшінші ең қымбат трансфер (Филиппе Коутиньо мен Луис Суарестен кейін).

Сол секілді, бұл трансфер «Бавария» тарихында да үшінші ең ірі келісім болып отыр. Бұған дейін мюнхендіктер тек Харри Кейн мен Люка Эрнандес үшін көбірек ақша жұмсаған.

Диастың алғашқы әсері

Футболшы клубтың ресми сайтына берген сұхбатында:

«Мен өте бақыттымын. Мұндай үлкен клубтың бір бөлігі болу мен үшін үлкен құрмет. Біздің мақсат – мүмкін болған барлық титулдарды жеңіп алу. Бұл үшін күн сайын бар күшімізді саламыз. Мен “Баварияға” ойыныммен де, мінезіммен де көмектескім келеді», – деді.

Неліктен «Ливерпуль» Диасты сатты?

Футболшының «Ливерпульмен» келісімшарты 2027 жылға дейін жарамды болған. Алайда Диас жалақысын көтеруді қалаған. Инсайдерлердің айтуынша, клуб келіссөздерді ұзақ уақытқа дейін бастамаған, бұл ойыншының командадан кетуге шешім қабылдауына себеп болған.

Capology сайтының мәліметі бойынша, Диас жылына 3,3 миллион еуро табатын. Бұл жалақы кейбір қосалқы ойыншылардан да төмен болған. Дегенмен, басқа дереккөздер оның нақты табысын бонуспен бірге 9 миллион еуроға дейін жеткенін айтады. Қалай болғанда да, «Бавария» оған 1,5 есе жоғары жалақы ұсынды.

Колумбиялық вингер Луис Диасты қыста-ақ ПСЖ-мен байланыстырған болатын, бірақ сол кезде «Ливерпуль» ойыншысын сатқысы келмеді. Алайда көктемде жағдай күрт өзгерді: Диастың ойыны біршама төмендеді, ал клуб оны «ұсыныстар қаралатын ойыншылар» қатарына ауыстырды.

Осы сәтті пайдаланып, Луиске «Барселона» қызығушылық танытты. Клубтың футбол директоры әрі ойыншының ескі танысы Деку тікелей байланысқа шықты. Каталондықтар Диастан «Ливерпульге» қысым көрсетіп, келіссөздерде басымдық алуды күткен. Алайда Луис клубпен ара-қатынасты бұзбауды жөн көріп, сабыр танытты. Сонымен қатар, ол «тіркеу кепілдігін» талап еткен.

Егер Диас команданың құрамында қалған жағдайда, клуб оған жаңа — буферлік сипаттағы келісімшарт ұсынар еді. Бірақ «Бавария» туындаған жағдайды ұтымды пайдаланып, ойыншымен байланыс орнатып, келіссөздерді сәтті жүргізді. Нәтижесінде, тараптар ортақ мәмілеге келді — Диасты күштеп ұстамады, бәрі риза.

«Ливерпуль» енді Александр Исакқа көз тіккен.

«Баварияның» вингерге сұранысы

Лерой Саненің «Галатасарайға» ауысуынан кейін мюнхендік клуб сол қапталға ойыншы іздей бастады. Луис Диастың артықшылығы — оның әмбебаптығында. Ол тек флангта ғана емес, қажет болған жағдайда Харри Кейннің позициясын да жауып бере алады. Сонымен қатар, Томас Мюллер клубтан кетті, ал Джамал Мусиала жарақат алды. Серж Гнабри мен Кингсли Команның да болашағы белгісіз, ал Брайан Сарагосамен келісімге сенім аз — «Бавария» қазір «Сельтамен» келіссөздер жүргізуде.

Флангтағы нақты баламалардың аз кезінде Луис Диасты алу — стратегиялық шешім. Оны жайдан-жай алған жоқ.

Футболдан бірінші лигада бүгін «Ертіс» пен  «Шахтер» кездеседі

Футбол 2 сағат бұрын

Футболдан бірінші лигада бүгін «Ертіс» пен «Шахтер» кездеседі

Конор МакГрегор UFC-ге оралар алдында алғашқы допинг-тесттен өтті

ММА/UFC 3 сағат бұрын

Конор МакГрегор UFC-ге оралар алдында алғашқы допинг-тесттен өтті

«Спарта» – «Ақтөбе»  Конференциялар лигасының қарымта ойынының тікелей трансляциясы

Футбол 6 сағат бұрын

«Спарта» – «Ақтөбе» Конференциялар лигасының қарымта ойынының тікелей трансляциясы

Нұралы Әліп «Зенит» тарихында капитандық міндет атқарған алғашқы қазақстандық атанды

Футбол 8 сағат бұрын

Нұралы Әліп «Зенит» тарихында капитандық міндет атқарған алғашқы қазақстандық атанды

Жаңажол Қуанышбек - грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында әлем чемпионы 

Күрес 16 сағат бұрын

Жаңажол Қуанышбек - грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында әлем чемпионы 

Әлемнің 17-ракеткасы Almaty Open турнирінде ойнайды

Теннис 22 сағат бұрын

Әлемнің 17-ракеткасы Almaty Open турнирінде ойнайды