2 күн бұрын
«Спарта» – «Ақтөбе» Конференциялар лигасының қарымта ойынының тікелей трансляциясы

Бүгін, 31 шілде күні Прага қаласында Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңінің жауапты матчы өтеді, деп хабарлайды sport12.kz.
Чехияның «Спарта» және Қазақстанның «Ақтөбе» командалары арасындағы кездесу Астана уақытымен 23:00-де басталады.
Ойынды тікелей эфирде көруге болады — трансляция сілтеме арқылы қолжетімді. Матчты біздің сайттан да тамашалай аласыз.
Алғашқы кездесу 25 шілдеде Ақтөбеде өткен болатын. Сол ойында «Ақтөбе» 2:1 есебімен жеңіске жетіп, өз жанкүйерлерін қуантты. Енді сырт алаңдағы жауапты матчта команда келесі кезеңге өтуге тырысады.
