2 күн бұрын
Конференция лигасы: «Астана» және «Ақтөбе» жарысты жалғастыра ала ма

Фото: «Астана» футбол клубы
UEFA Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінде бүгін қазақстандық «Астана» және «Ақтөбе» командасылары қарымта ойындарын өткізеді., деп хабарлайды Sport12.kz.
Алдымен елордалық «Астана» сырт алаңда Молдованың «Зимбру» командасын қабылдайды. Кездесу қазақстандық уақытпен 21:50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Бірінші кездесуде командалар 1:1 есебіне қанағат білдірді.
«Астана» Конференция лигасындағы ойынын бірден екінші іріктеу кезеңінен бастады.
«Зимбру» 1947 жылы құрылған. Өз елінде сегіз мәрте чемпион атанды. Соңғы рет мұндай атаққа 2000 жылы ие болды. Биыл олар Молдва чемпионатында қола жүлдегер атанды.
Сондай-ақ бүгін «Ақтөбе» сырт алаңда Чехияның «Спарта» (Прага) командасымен шеберлік байқасады.
Кездесу қазақстандық уақытпен 22:50-де басталып, «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Алғашқы ойында «Ақтөбе» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.
«Ақтөбе» еурокубок ойындарын Еуропа лигасы бірінші іріктеу кезеңінен бастап, бұл жолы Польшаның «Легия» командасына (0:1, 0:1) есебімен жол берді.
«Спарта» футбол клубы 1893 жылы құрылған. Қазірге дейін өз елінде 35 мәрте чемпион атанып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізді.
