2 күн бұрын
«Қайрат» - «Слован» кездесуіне билет ертеңнен бастап сатылады

Фото: «Қайрат» футбол клубы
6 тамыз күні сағат 20:00-де Орталық стадионда УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінің «Қайрат» пен словакиялық «Слован» арасындағы алғашқы матчы өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
- Билет 1 тамыз күні сатыла бастайды. Оны Qairat SuperApp қосымшасы арқылы сатып алуға болады. Назар аударыңыз. Билет қайтарылмайды, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетсек, алматылық футболшылар бірінші және екінші іріктеу кезеңінде Словенияның «Олимпия» (1:1, 2:0), Финляндияның КуПС клубтарын (0:2, 3:0) қапы қалдырып кетті.
«Слован» командасы 1919 жылы құрылған. Өз елінде 15 мәрте чемпиондық тұғырға көтерілді. Сондай-ақ 5 мәрте күміс, 6 мәрте қола жүлдегер атанды. Оған қоса 10 мәрте Словакия кубогын төбесіне көтерді.
Словакиялық клубтың бас бапкері Владимир Вайсс 2013-2015 жылдарда «Қайраттың» тізгінін ұстаған еді.
Қазіргі құрамында 2019-2021 жылдарда қазақстандық «Қайсар», «Астана» клубтарының намысын қорғаған армениялық футболшы Тигран Барсегян ойын көрсетеді.
