2 күн бұрын
«Тобыл» сапына әмбебап шабуылшы қосылды

Фото: «Тобыл» футбол командасы
Әмбебап шабуылшы «Тобыл» футбол командасы құрамына қосылды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Энрике Девенс 1997 жылдың 20 маусымда Бразилияның Эспириту-Санту штатында дүниеге келген. Футболшы туған жерінен бөлек, Люксембург елінің де азаматы.
Кәсіби мансабын Бразилия клубтарында бастаған. Кейін АҚШ-қа қоныс аударып, жергілікті командаларда ойнады.
2021 жылдан бастап Литваның «Бабрунгас» және «Дайнава», кейін Болгарияның «Крумовград» командасында доп тепті.
2023 жылы «Трансинвест» сапында керемет маусым өткізді: 22 гол соғып, Жоғарғы лигаға жолдама алды.
2025 жылы Литваның «Жальгирис» клубына ауысып, Кубок кездесуінде хет-трик жасап, чемпионатта дубльмен көзге түсті.
