17 сағат бұрын

Футболдан Бірінші лигада «Ертіс» «Шахтерден» басым түсті

Футболдан Бірінші лигада  «Ертіс» «Шахтерден» басым түсті

Фото: ҚФФ

Бүгін футболдан Бірінші лиганың XVІ туры мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Аталған турдағы басты кездесу «Ертіс» пен «Шахтер» арасында өтті. Екі команда да биыл алғашқы орындарды өзара бөлісіп келеді. Сондықтан екеуі де жеңіске жетуге бар күшін салатыны анық еді.

Кездесу барысында павлодарлық команда ойын тізгінін қолдау ұстауға тырысты. Нәтижесінде олардың қатарынан Еркебұлан Тұңғышбаев 7-минутта есеп ашса, Тамерлан Агиманов 42-минутта есепті үстемелей түсті.

Екінші кезеңде «Шахтер» сапынан Диас Қалыбаев 75-минутта мергендік танытса, Еркебұлан Тұңғышбаев 89-минутта қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша «Ертіс» қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсіп, 36 ұпаймен екінші орынға көтерілді.

Ал «Шахтер» 32 ұпаймен төртінші орынды місе тұтып тұр. 

Сондай-ақ 1 тамызда «Түркістан» мен «Академия Оңтүстік» (Шымкент) 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Ал «Каспий» (Ақтау) командасы «Таразды» 2:1 есебімен жеңсе, астаналық «SD Family» өз алаңында Түркістан облысының «Жетісайына» 2:7 есебімен жол берді.

31 шілдеде Өскеменнің «Алтайы» сырт алаңда «Ақтөбе-2» командасын 6:0 есебімен тізе бүктірсе, Павлодар облысының «Екібастұзы» өз алаңында Алматының «Қайрат-2» командасына 2:3, алматылық «Хан тәңірі» клубы сол қаланың тағы бір өкілі AKAS командасынана 0:2 есебімен жеңілді.

Енді алдағы тур ойындары 7 және 8 тамыз күндері өткізіледі.

ҚПЛ: «Қайрат» сәттілік сериясын жалғастыра ала ма

Футбол 5 сағат бұрын

ҚПЛ: «Қайрат» сәттілік сериясын жалғастыра ала ма

«Астана» мен «Қайсар» кездесуі кейінге шегерілді

Футбол 17 сағат бұрын

«Астана» мен «Қайсар» кездесуі кейінге шегерілді

Дмитро Рижук – “Атырау” жаңа қорғаушысы 

Футбол 17 сағат бұрын

Дмитро Рижук – “Атырау” жаңа қорғаушысы 

Футболдан Бірінші лигада  «Ертіс» «Шахтерден» басым түсті

Футбол 17 сағат бұрын

Футболдан Бірінші лигада «Ертіс» «Шахтерден» басым түсті

Қазақстан паратаэквондо құрамасы Азия чемпионатында 11 медальге қол жеткізді

Басқа 18 сағат бұрын

Қазақстан паратаэквондо құрамасы Азия чемпионатында 11 медальге қол жеткізді

Тимур Тайбеков Азия чемпионатында техникалық нокаутпен жеңіске жетті

Бокс 23 сағат бұрын

Тимур Тайбеков Азия чемпионатында техникалық нокаутпен жеңіске жетті