8 сағат бұрын
ҚПЛ: «Қайрат» сәттілік сериясын жалғастыра ала ма

Фото: «Қайрат» футбол клубы
Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің ХІХ туры басталады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бүгін, 2 тамызда сағат 17:00-де «Оқжетпес» (Көкшетау) пен «Елімай» (Семей) ойнайды.
Ал 18:00-де «Қайрат» (Алматы) пен «Ұлытау» (Жезқазған), «Қызылжар» (Петропавл) мен «Тобыл» (Қостанай шеберлік байқасады.
Айта кетсек, жеті турдан бері жеңілістің ащы дәмін татқан жоқ. Бес кездесуде жеңіске жетсе, екеуінде тең түсті. Бүгін сол сәттілік сериясын жалғастыра ала ма?
Сондай-ақ 3 тамызда 20:00-де «Ордабасы» (Шымкент) мен «Атырау», «Жетісу» (Талдықорған) мен «Тұран» (Түркістан), «Ақтөбе» мен «Жеңіс» (Астана) ойнайды.
Аталған турдағы «Астана» мен «Қайсар» (Қызылорда) кездесуі белгісіз мерзімге кейінге шегерілді. Бұл шешім елордалық клубтың еурокубок ойындарына қатысуына байланысты қабылданып отыр.
Айта кетсек, қазір көш басында 40 ұпаймен «Астана» мен «Қайрат» командалары келеді. Одан кейінгі орындағы «Тобылдың» 35 ұпайы бар.
Сұрмергендер көшінде Назми Грипши («Астана») 9 голмен көш бастап тұрса, одан кейінгі орындардағы Дастан Сәтпаев («Қайрат»), Марин Томасов («Астана») пен Дәурен Жұмат («Оқжетпес») 8 гол соғып үлгерді.
