16 сағат бұрын
Тобол сырт алаңда сенімді жеңіске жетті

Премьер-лиганың 19-турында «Тобол» қонақта петропавлдық «Қызылжарды» 2:0 есебімен жеңді.
Қостанайлық команданың сапынан голдарды 20-минутта Неманья Кавнич пен 83-минутта Бейбіт Ғалым соқты.
Осы жеңістен кейін «Тобыл» 38 ұпай жинап, турнир кестесінде үшінші орынға нық орналасты. Ал «Қызылжар» 19 ұпаймен тоғызыншы орында тұр.
