13 сағат бұрын

Андрей Карпович гол соғуға мүмкіндік көп болды сәттілік жетіспеді

Андрей Карпович гол соғуға мүмкіндік көп болды  сәттілік жетіспеді

Семейлік «Елімай» командасының бас бапкері Андрей Карпович Қазақстан Премьер-лигасының 19-турындағы «Оқжетпеспен» болған 1:1 есебімен аяқталған матч туралы пікір білдірді.

Бапкердің айтуынша, бұл ойын — қос тараптың да жеңісті көздеген, тартысқа толы кездесу болған.

«Бұл – ешкімнің жеңілгісі келмеген нағыз шайқасқа толы ойын болды. Біз «Оқжетпестің» ұйымдасқан түрде ойнайтынын, қарымта шабуылдарда қауіпті екенін жақсы білдік. Өкінішке қарай, сол қарымта шабуылдың бірінде біз гол жіберіп алдық. Бірақ соған қарамастан, бізде гол соғатын сәттер әлдеқайда көп болды. Тек жүзеге асыру жағынан кемшілік кетті», – деді Карпович.

Сондай-ақ бапкер командадағы кадрлық қиындықтар мен қосалқы құрамнан қолдау шектеулі болғанына қарамастан, ойыншылардың толықтай берілгенін атап өтті.

«Біз үш ұпай алуды көздедік. Алайда бұл жолы болмады. Бір жағынан – шеберлік жетіспеді, бір жағынан – сәттілік серік болмады. Дегенмен, алға қарай жылжи береміз», – деп қорытындылады ол.

Айта кетейік, бұл кездесуден кейін «Елімай» мен «Оқжетпес» 29 ұпайдан жинап, турнирлік кестеде қатар орналасқан. Қазіргі уақытта «Оқжетпес» бесінші, ал «Елімай» алтыншы орында тұр.

World Boxing: Бүгін Азия чемпионатында бес боксшы шаршы алаңға шығады

Бокс 1 сағат бұрын

World Boxing: Бүгін Азия чемпионатында бес боксшы шаршы алаңға шығады

World Boxing: Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатында 2 тамызда қандай нәтиже көрсетті?

Бокс 3 сағат бұрын

World Boxing: Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатында 2 тамызда қандай нәтиже көрсетті?

Қазақстандық маман Asian boxing ұйымының басшылық құрамына кірді

Бокс 4 сағат бұрын

Қазақстандық маман Asian boxing ұйымының басшылық құрамына кірді

Андрей Карпович гол соғуға мүмкіндік көп болды  сәттілік жетіспеді

Футбол 13 сағат бұрын

Андрей Карпович гол соғуға мүмкіндік көп болды сәттілік жетіспеді

Чехия құрамасының аңызы «Ақтөбе» туралы пікір білдірді

Футбол 13 сағат бұрын

Чехия құрамасының аңызы «Ақтөбе» туралы пікір білдірді

Қуат Хамитов Қыркүйек пен Қарашада 4 жекпе-жек өткізуі мүмкін

ММА/UFC 15 сағат бұрын

Қуат Хамитов Қыркүйек пен Қарашада 4 жекпе-жек өткізуі мүмкін