5 сағат бұрын

«Қайрат» және «Астана» еурокубоктыңүшінші іріктеу кезеңіндегі ойындарына төрешілер бекітілді

«Қайрат» және «Астана» еурокубоктыңүшінші іріктеу кезеңіндегі ойындарына төрешілер бекітілді

Фото: «Қайрат» футбол клубы

 Қазақстандық «Қайрат» және «Астана» командаларының UEFA Чемпиондар лигасы және Конференция лигасы плей-офф кезеңіндегі ойындарына кімдердің төрешілік жасайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Алматылық «Қайраттың» Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу кезеңіндегі Словакияның «Слован» командасымен кездесуінде нидерландтық Сердара Гэзюбююк бастаған төрешілер бригадасы қызмет атқарады. Оған отандастары Эрвин Зейнстра мен Патрик Иниа көмектеседі. Төртінші төреші де сол елдің өкілі Янник ван дер Лаан.

Бұл ойын 6 тамыз күні Алматы қаласында өткізіледі. 

Айта кетсек, алматылық футболшылар бірінші және екінші іріктеу кезеңінде Словенияның «Олимпия» (1:1, 2:0), Финляндияның КуПС клубтарын (0:2, 3:0) жеңді. 

Ал Конференция лигасы үшінші іріктеу кезеңіндегі «Лозанна» (Швейцария) мен «Астана» кездесуіне польшалық Лукаш Кузьма бас төреші болып бекітілді. Көмекшілері - сол елдің өкілдері Якуб Винклер мен Петр Подбельски. Төртінші төреші міндетін тағы бір польшалық маман Дамиан Кос атқарады.

Алғашқы кездесу 7 тамызда қазақстандық уақытпен 23:15-те Швейцарияда болады. 

Конференция лигасы: «Астанаға» плей-офф кезеңінде «Бешикташ» қарсылас атануы мүмкін

Футбол 3 сағат бұрын

Конференция лигасы: «Астанаға» плей-офф кезеңінде «Бешикташ» қарсылас атануы мүмкін

Вячеслав Левчук «Ақтөбе» бас бапкері қызметінде қалады

Футбол 5 сағат бұрын

Вячеслав Левчук «Ақтөбе» бас бапкері қызметінде қалады

«Қайрат» Еуропа лигасы плей-офф кезеңінде қай командамен ойнайды

Футбол 5 сағат бұрын

«Қайрат» Еуропа лигасы плей-офф кезеңінде қай командамен ойнайды

«Қайрат» және «Астана» еурокубоктыңүшінші іріктеу кезеңіндегі ойындарына төрешілер бекітілді

Футбол 5 сағат бұрын

«Қайрат» және «Астана» еурокубоктыңүшінші іріктеу кезеңіндегі ойындарына төрешілер бекітілді

Польшадағы турнирде Эльмира Сыздықова күміс алды

Күрес 6 сағат бұрын

Польшадағы турнирде Эльмира Сыздықова күміс алды

Бекасыл Асамбек - еркін күрестен жасөспірімдер арасында әлем чемпионы

Күрес 12 сағат бұрын

Бекасыл Асамбек - еркін күрестен жасөспірімдер арасында әлем чемпионы