5 сағат бұрын
«Қайрат» Еуропа лигасы плей-офф кезеңінде қай командамен ойнайды

Фото: «Қайрат» футбол клубы
Футболдан Еуропа лигасы плей-офф кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Онда Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу кезеңінде алматылық «Қайрат» қарсыласына жол берген жағдайда бақ сынауға мүмкіндік алады. Бұл жолы олар Швейцарияның «Янг Бойз» клубымен шеберлік байқасуы мүмкін.
Жарыстың бұл сатысындағы ойындар 21 және 28 тамыз күндеріне белгіленген.
Айта кетсек, бұдан бұрын алматылық «Қайрат» командасының футболдан UEFA Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі қарсыласы белгілі болды.
Жарыстың аталған сатысындағы ойындар 19-20 және 26-27 тамыз күндері өтеді.
Оған дейін қазақстандық клуб 6 және 13 тамызда үшінші іріктеу кезеңінде Чехияның «Слован» (Братислава) клубымен кездеседі.
Айта кетсек, алматылық футболшылар бірінші және екінші іріктеу кезеңінде Словенияның «Олимпия» (1:1, 2:0), Финляндияның КуПС клубтарын (0:2, 3:0) қапы қалдырды.
