5 сағат бұрын
Вячеслав Левчук «Ақтөбе» бас бапкері қызметінде қалады

Фото: «Ақтөбе» футбол клубы
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Sport12.kz.
- Кеше әлеуметтік желілерде команданың бас бапкері Вячеслав Левчуктің орнын босату туралы арыз жазды деген хабар тараған болатын. Бұл жаңалықты растай отыра, клуб басшылығы Вячеслав Дмитриевичтің арызын қанағаттандырмағанын хабарлаймыз. Бапкерге клуб ұжымы әлі де сенім білдіреді. .Сол себепті, команда кішігірім демалыстан кейін, Вячеслав Дмитриевичтің басшылығымен жаттығуын жалғастырмақ. Команданың келесі матчты Абай облысының “Елімай” командасына қарсы сырт алаңда өтеді, - деп жазылған хабарламада.
