1 күн бұрын

«Қайрат»Чемпиондар лигасы плей-офф сатысына шықты

«Қайрат»Чемпиондар лигасы плей-офф сатысына шықты

Фото: «Қайрат» футбол клубы

Алматылық «Қайрат» бүгін футболдан UEFA Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу кезеңінде Словакияның «Слован» командасымен қарымта ойынын өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Айта кетсек, екі команда арасындағы алғашқы кездесуде «Қайрат» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті. Жалғыз голды 90-минутта алматылық клубтан Дастан Сәтпаев пенальтиден соқты.

Сондықтан алғашқы минуттан словакиялық футболшылар алға қарай ұмтылды. Десе де оған алматылық команда лайықты тойтарыс беріп жатты. 

Ойынның 30-минутында қазақстандық клубтың қорғаушылар алаң ортасында өрескел қателікке бой алдырды. Нәтижесінде «Слован» сапынан Роберт Мак «Қайрат» қақпасын дәл көздеп, екі ойынның нәтижесімен таразы басын теңесті.

Екінші кезеңде қазақстандық команда гол соғатын мүмкіндікті іздеді. Дегенмен өз мақсатына жете алған жоқ.

Екі ойынның нәтижесімен таразы басының тең болуынан ойын қосымша кезеңге жалғасты. Қосымша кезеңде жеңімпаз анықталған жоқ. Пенальти тебуде 

Алматылық футболшылар бірінші және екінші іріктеу кезеңінде Словенияның «Олимпия» (1:1, 2:0), Финляндияның КуПС клубтарын (0:2, 3:0) қапы қалдырып кетті.

Енді «Қайрат» UEFA Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінде шотландиялық «Селтик» командасымен ойнайды.

Сондай-ақ 14 тамызда елордалық «Астана» Конференция лигасы үшінші іріктеу кезеңінде өз алаңында Швейцарияның «Лозанна» командасын қабылдайды. 

Алғашқы кездесуде қазақстандық команда қарсыласына 1:3 есебімен жол берген еді. 


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

QJL All Star құрамына байланысты Freedom QJ League ресми мәлімдеме жасады

QJ League 3 сағат бұрын

QJL All Star құрамына байланысты Freedom QJ League ресми мәлімдеме жасады

«Астана» бапкері Еурокубоктағы камбэк пен Томасовқа қатысты пікір білдірді

Футбол 9 сағат бұрын

«Астана» бапкері Еурокубоктағы камбэк пен Томасовқа қатысты пікір білдірді

Конференция лигасы: «Астана» мен «Лозанна» кездесуіне төрешілер белгіленді

Футбол 9 сағат бұрын

Конференция лигасы: «Астана» мен «Лозанна» кездесуіне төрешілер белгіленді

«Қайратты» құттықтаған Бабаян алдағы матчты Джей Ло концертімен салыстырды

Футбол 9 сағат бұрын

«Қайратты» құттықтаған Бабаян алдағы матчты Джей Ло концертімен салыстырды

Николай Костов «Ақтөбе» футбол клубының тізгінін ұстады

Футбол 10 сағат бұрын

Николай Костов «Ақтөбе» футбол клубының тізгінін ұстады

Таеквондо – Қазақстандағы 5 маңызды спорт түрінің бірі

Басқа 10 сағат бұрын

Таеквондо – Қазақстандағы 5 маңызды спорт түрінің бірі