14 сағат бұрын
«Қайрат» Чемпиондар лигасының финалдық іріктеуіне шықты – 18,6 млн еуроға таласады

Алматылық «Қайрат» Еуропаның басты клубтық турнирі – Чемпиондар лигасының финалдық іріктеу кезеңіне жолдама алды. Бұл жетістік клубқа 4,29 млн еуро (шамамен 2,5 млрд теңге) табыс әкелді.
Егер қазақстандық команда плей-офф кезеңінде жеңіске жетсе, бұл сома 18,62 млн еуроға (11,7 млрд теңге) дейін өседі.
Шешуші айналымда «Қайрат» Шотландия чемпионы – Глазгоның «Селтик» клубымен кездеседі. Бұл жұптың жеңімпазы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алады. Ал жеңілген команда Еуропа лигасының топтық кезеңінде бақ сынайды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
