14 сағат бұрын
ESPN: Луис Энрике — 2025 жылдың үздік бапкері

ESPN порталы Еуропадағы үздік бапкерлердің рейтингін жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Тізімге кемінде бір жыл бойы клубтың бас бапкері қызметін атқарып жүрген мамандар ғана енді. Ұлттық құрамаларды жаттықтыратындар және бір маусымнан ұзақ уақыт жұмыссыз жүргендер есепке алынбаған.
Рейтингтің көшін Францияның «ПСЖ» клубын баптайтын Луис Энрике бастады. Үздік үштікке сонымен қатар Англиядағы «Ливерпуль» тізгінін ұстаған Арне Слот пен «Манчестер Ситидің» бас бапкері Пеп Гвардиола енді.
ESPN нұсқасы бойынша үздік 10 бапкер:
- Луис Энрике («ПСЖ», Франция)
- Арне Слот («Ливерпуль», Англия)
- Пеп Гвардиола («Манчестер Сити», Англия)
- Хаби Алонсо («Реал», Испания)
- Ханс-Дитер Флик («Барселона», Испания)
- Микель Артета («Арсенал», Англия)
- Антонио Конте («Наполи», Италия)
- Симоне Индзаги («Аль-Хиляль», Сауд Арабиясы)
- Джан-Пьеро Гасперини («Рома», Италия)
- Эрнесто Вальверде («Атлетик», Испания)
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
