11 сағат бұрын
Николай Костов «Ақтөбе» футбол клубының тізгінін ұстады

Фото. «Ақтөбе» футбол клубы
Болгариялық Николай Костов «Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
63 жастағы маман тәжірибелі жаттықтырушы. Бұған дейін Кипр, Украина, Қазақстан және Болгария клубтарын басқарған. 2002 жылы «Анортосиспен» Кипр кубогын жеңіп алған. Қазақстанда «Шахтер» (Қарағанды) мен «Каспийді» жаттықтырды.
Соңғы жұмыс орны Болгарияның “Левски” ФК. 2023-2024 жылдары бапкер команда тізгінінде 35 ойынның 19 жеңіп, 7 ойында тең түсіп, 9 ойында жеңіліс тапқан.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
