10 сағат бұрын

«Астана» бапкері Еурокубоктағы камбэк пен Томасовқа қатысты пікір білдірді

«Астана» бапкері Еурокубоктағы камбэк пен Томасовқа қатысты пікір білдірді

“Астана” футбол клубының бас бапкері Григорий Бабаян Еуропа конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі “Лозанна” командасына қарсы өтетін жауапты ойынға қатысты пікір білдірді. Кездесу 14 тамыз күні “Астана Аренада” өтеді, деп хабарлайды sport12.kz .

Алғашқы ойын өткен аптада Швейцарияда өтіп, “Астана” 1:3 есебімен жеңіліп қалған болатын.

– Бірінші ойында көптеген қажетсіз қателіктерге жол бердік. Алдағы ойынға біз қуып жетуші рөлінде келеміз. Екі доп – футболда айтарлықтай басымдық. Бірақ біз дайындалдық, ойыншыларға жіберілген қателер мен қарсыластың әлсіз тұстарын көрсетіп, талдау жасадық. Алғашқы матчта іске аспаған тұстарды осы жолы орындауға тырысамыз. Бұл жолы жанкүйерлердің де қолдауы өте маңызды болмақ, – деді Бабаян.

Сонымен қатар, бас бапкер бірінші ойында шабуыл шебіндегі негізгі ойыншылар Томасов пен Грипши не себепті алаңға шықпағанын да түсіндірді.

– Томасов пен Грипшидің алғашқы минуттардан алаңға шықпауы жарақатпен байланысты емес. Қарсыластың ойынын талдай келе, біз орталық алаңды күшейту туралы шешім қабылдадық. Себебі “Лозанна” шабуылдарының көбі орталық арқылы жүзеге асады. Ойында допты бақылауда ұтылмадық, бірақ жеке қателіктер шешуші рөл атқарды, – деп түсіндірді маман.

Еске салсақ, бұл жұптың жеңімпазы Еуропа конференциялар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алады. Ал жеңілген команда келесі маусымға дейін еурокубоктық додалармен қош айтысады.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

QJL All Star құрамына байланысты Freedom QJ League ресми мәлімдеме жасады

QJ League 4 сағат бұрын

QJL All Star құрамына байланысты Freedom QJ League ресми мәлімдеме жасады

«Астана» бапкері Еурокубоктағы камбэк пен Томасовқа қатысты пікір білдірді

Футбол 10 сағат бұрын

«Астана» бапкері Еурокубоктағы камбэк пен Томасовқа қатысты пікір білдірді

Конференция лигасы: «Астана» мен «Лозанна» кездесуіне төрешілер белгіленді

Футбол 10 сағат бұрын

Конференция лигасы: «Астана» мен «Лозанна» кездесуіне төрешілер белгіленді

«Қайратты» құттықтаған Бабаян алдағы матчты Джей Ло концертімен салыстырды

Футбол 10 сағат бұрын

«Қайратты» құттықтаған Бабаян алдағы матчты Джей Ло концертімен салыстырды

Николай Костов «Ақтөбе» футбол клубының тізгінін ұстады

Футбол 11 сағат бұрын

Николай Костов «Ақтөбе» футбол клубының тізгінін ұстады

Таеквондо – Қазақстандағы 5 маңызды спорт түрінің бірі

Басқа 11 сағат бұрын

Таеквондо – Қазақстандағы 5 маңызды спорт түрінің бірі