10 сағат бұрын
Конференция лигасы: «Астана» мен «Лозанна» кездесуіне төрешілер белгіленді

Фото: «Астана» футбол клубы
UEFA Конференция лигасы үшінші іріктеу кезеңіндегі елордалық «Астана» мен Швейцарияның «Лозанна» командаларының қарымта кездесуінде қай елдің төрешілері қызмет атқаратыны белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл ойын 14 тамызда 18:50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда арасындағы алғашқы кездесуде швейцариялық клуб 3:1 есебімен басым түсті.
«Лозанна» командасы 1896 жылы құрылған. Өз елінде жеті мәрте чемпион атағын жеңіп алды.
Аталған матчта Словениядан келген Мартин Матошиге бас төреші міндеті жүктелген. Оған отандастары Александар Касапович мен Матиц Межнар көмектеседі. Төртінші төреші де сол елдің өкілі Денис Шабанагич болады.
Айта кетсек, «Астана» мен «Лозанна» жұбының жеңімпазы плей-офф сатысында «Бешикташ» (Түркия) пен «Сент-Патрикс Атлетик» (Ирландия) жұбының жеңімпазымен шеберлік байқасады. Ойындар 21 және 28 тамыз күндеріне белгілеген.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
