10 сағат бұрын
«Қайратты» құттықтаған Бабаян алдағы матчты Джей Ло концертімен салыстырды

«Астана» клубының бас бапкері Григорий Бабаян Лига чемпиондары іріктеуінің плей-офф раундына жолдама алған «Қайратты» құттықтап, алдағы «Селтикке» қарсы матчты Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертімен салыстырды.
– «Қайратты» Лига чемпиондары плей-офф кезеңіне шыққанымен құттықтаймын! Бұл – қазақстандық футбол үшін үлкен оқиға. Алматыда алғаш рет Лига чемпиондарының гимні шырқалмақ.
«Селтик» секілді клубтың келуі – өте маңызды әрі үлкен резонанс тудыратын жағдай. Мұны Дженнифер Лопестің Алматыға келуімен салыстыруға болады – шамамен сондай ажиотаж болады деп ойлаймын. Стадион лық толатынына сенімдімін.
Мұндай кездесулер елге қосымша табыс әкеледі, салық түрінде де пайдасы зор. Әрі бұл ойындар шетелден туристер тартады. Өз тәжірибемнен білемін, біз «Челсимен» ойнағанда да осындай жағдай болған, – деді Бабаян.
Еске сала кетейік, алматылықтар кеше Словакияның «Слован» клубын пенальти сериясында ұтып, Лига чемпиондары іріктеуінің соңғы кезеңіне жолдама алды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
