4 сағат бұрын
«Астананың» жеңілісі шетелдік БАҚ назарында

Қазақстандық «Астана» клубының Конференциялар лигасынан шығып қалуы шетелдік басылымдардың назарынан тыс қалған жоқ. Еуропаның бірқатар беделді спорт басылымдары швейцариялық «Лозанна» клубының сырт алаңдағы сенімді жеңісін ерекше атап өтті.
Мәселен, SRF Sport, Bluewin, Nau.ch және Watson.ch сынды Швейцарияның жетекші ақпарат көздері «Лозаннаның» 2:0 есебімен жеңісін жан-жақты сипаттап, команданың топтық кезеңге бір қадам қалғанын жарыса жазуда.
«Лозанна» – еуромаусымды жалғастыруға жақын
SRF Sport порталы:
«Лозанна Конференциялар лигасының топтық кезеңіне шығуға бір табан жақын. Олар «Астананы» өз алаңында 3:1 есебімен жеңгеннен кейін, сырт алаңда да сенімді ойнап, 2:0 нәтижесімен келесі кезеңге өтті. Ендігі қарсылас – Түркиялық алпауыт «Бешікташ» болуы мүмкін.»
Watson.ch жазғандай, матч тағдыры екінші таймда шешілді:
«Беятт Лекуэйри 48-минутта есеп ашып, қазақстандықтардың аздаған үмітін сөндірді. Ал 66-минутта Гауссу Дьяките алаңның жартысын жүгіріп өтіп, екінші голды соқты. Алаң иелері өз жанкүйерлерінің алдында ешқандай қарсы тұра алмады.»
Bluewin порталы да ойын барысына шолу жасап, «Астана» бірінші таймда белсенді болғанымен, шешуші сәттерде қонақтар басымдық танытты деп атап өтті.
Қос матч қорытындысы – 5:1
Екі кездесудің нәтижесі бойынша «Астана» – «Лозанна» жұбы 1:5 есебімен аяқталды. Осылайша, Қазақстан чемпионы үшін еурокубок маусымы аяқталса, швейцариялық клуб үшін басты сын әлі алда.
Ендігі қарсылас – Түркияның «Бешікташ» клубы, ол бірінші плей-офф матчында «Сент-Патрикс» командасын 4:1 есебімен жеңді. Екі клуб арасындағы кездесу Конференциялар лигасының топтық кезеңіне жолдама беретін шешуші кезең болмақ.
«Астана» үшін тағы бір сәтсіз еуромаусым
Басылымдар «Астананың» еурокубоктағы нәтижесі тағы да көңіл көншітпеді деп бағалап отыр. Команда ішкі біріншілікте көшбасшылар қатарында болса да, халықаралық аренада тұрақты нәтиже көрсете алмауда. Ендігі басты міндет – ел чемпионатындағы лидерлікті сақтап қалу болмақ.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
