15.08.2025

Елімізде спортшыларға арналған ай сайынғы төлемнің бірыңғай жүйесі енгізілді

Елімізде спортшыларға арналған ай сайынғы төлемнің бірыңғай жүйесі енгізілді

Фото: olympic.kz

Туризм және спорт министрлігі: елімізде спортшылар мен жаттықтырушыларға арналған ай сайынғы төлемдердің бірыңғай жүйесі енгізілді, деп хабарлайды Sport12.kz

«Дене шынықтыру және спорт туралы» Заң қабылданғаннан кейін, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына ай сайынғы ақша қаражаты төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы бұйрық күшіне енді.

Ай сайынғы төлем мөлшері 5-тен 250 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейінгі аралықта белгіленген. Жаңа жүйе инфляцияны ескере отырып, төлем сомасын жыл сайын қайта қарауды қажет етпей, қаржыландыру көлемін автоматты түрде түзетуге мүмкіндік береді. Айта кету керек, бұған дейін бұл төлемдер әр өңірде әртүрлі болған.

Жаңа жүйе бойынша төлемдер халықаралық және республикалық жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына, спорттық мансабын жалғастыру шартымен, келесі жарысқа дейін жергілікті атқарушы органдар арқылы жүзеге асырылады.

Аталған бұйрық облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісілген.

Жаңа тәсіл жоғары деңгейдегі спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын қолдауда ашықтықты, тұрақтылықты және тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

ҚФФ президенті ұлттық құрамамен кездесті

Футбол 5 сағат бұрын

ҚФФ президенті ұлттық құрамамен кездесті

БИІК командасының Еуропа кубогындағы қарсыласы анықталды

Футбол 5 сағат бұрын

БИІК командасының Еуропа кубогындағы қарсыласы анықталды

«Ордабасының» УЕФА Жасөспірімдер лигасындағы қарсыласы аныққталды

Футбол 5 сағат бұрын

«Ордабасының» УЕФА Жасөспірімдер лигасындағы қарсыласы аныққталды

Дэвис кубогында Қазақстан атынан кімдер сынға түседі?

Теннис 5 сағат бұрын

Дэвис кубогында Қазақстан атынан кімдер сынға түседі?

Заңғар Нұрланұлы АҚШ ашық чемпионатында екінші жеңісіне жетті

Теннис 5 сағат бұрын

Заңғар Нұрланұлы АҚШ ашық чемпионатында екінші жеңісіне жетті

«Барыс» жолдастық кездесуде «Сибирь» командасын екінші мәрте жеңді

Хоккей 5 сағат бұрын

«Барыс» жолдастық кездесуде «Сибирь» командасын екінші мәрте жеңді