14 сағат бұрын
Месси жарақаттан кейін алаңға оралуға дайын

38 жастағы аргентиналық шабуылшы әрі «Интер Майамидің» капитаны Лионель Месси жарақатынан айығып, қайта жасыл алаңға оралуға жақын. Бұл туралы команда бас бапкері Хавьер Маскерано мәлімдеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Дереккөздің ақпаратына сәйкес, Месси MLS тұрақты чемпионаты аясында өтетін «Лос-Анджелес Гэлаксиға» қарсы ойында алаңға шығуы мүмкін. Кездесу Форт-Лодердейлде, Майами маңында, 16-нан 17 тамызға қараған түні өтеді.
Айта кетейік, Месси соңғы рет 2 тамызға қараған түні өткен Лигалар кубогының 2-турында «Некексаға» қарсы ойында алаңға шыққан еді. Сол матчтың 11-минутында жарақат алып, ауыстырылған болатын. Кездесу 2:2 есебімен тең аяқталып, пенальти сериясында «Интер Майами» 5:4 есебімен жеңіске жетті.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
