11 сағат бұрын
Бауыржан Исламхан «Астана» құрамында жарияланды

Фото: ҚФФ
Елордалық клуб сапында 32-жастағы жартылай қорғаушысы 19 нөмірлі жейдені киеді. Ол ертең, 17 тамызда астаналық команда сапында «Ұлытауға» қарсы кездесуге шыға алады.
Шілде айының соңында «Астана» басшылығы Бауыржан Исламханмен келісімшартқа қол қойғанын жария етті.
Бұл жөнінде «Астана» клубының басшысы Саян Хамитханов төмендегіше түсініктеме берді.
«Қазіргі таңда Бауыржан өз бабынан әлі алыста екенін жақсы түсініп отырмыз. Жарақатынан кейін ол бұрынғы қалпына келуі үшін уақыт қажет. Мұндай жағдайдан ешкім сақтандырылмаған. Сондықтан Исламханның ұлттық құрама мен отандық футболдағы еңбегін ескере отырып, клуб оның толық қалпына келуіне көмектесу дұрыс деп шешті. Біз оған уақыт керек екенін түсінеміз. Қазір ол біздің мақсаттарымызды орындауға тікелей көмектесе алмайды. Соған қарамастан, оның жоғары деңгейдегі футболшы екеніне еш күмәніміз жоқ. «Астана» оған қайта қалпына келуге, бұрынғы бабына еніп, қазақстандық жанкүйерлерді ойынымен қайта қуантуға мүмкіндік беруге дайын», – деді С.Хамитханов.
Бауыржан Исламхан 1993 жылы дүниеге келген. 2011 жылдан бері қазақстандық және Біріккен Араб Әмірлігінің «Аль-Айн» клубында ойнап келеді.
Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 2012 жылдан бері 56 ойында 4 гол соқты.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
