12 сағат бұрын
ҚПЛ: «Қайрат» өз алаңында «Елімайдан» жеңіліп қалды

Фото: «Елімай» футбол клубы
Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің ХХІ турындағы алғашқы екі ойынның нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Чемпиондар лигасында сынға түсіп жатқан алматылық «Қайрат» өз алаңында Семейдің «Елімай» клубын қабылдаған еді. Кездесу алаң иелері үшін сәтті басталды. Ойынның 15, 37-минутында алматылық клуб сапынан Эдмилсон мергендік танытты. Одан кейін «Елімай» сапынан Иван Свиридов есеп айырмасын қысқартты.
Ал екінші кезеңде семейлік клубтан Фессу Плакка 72, 83-минутта қос гол соғып, өз командасына жеңіс сыйлады.
Осылайша «Қайрат» қарсыласына 2:3 есебімен жол берді.
Сондай-ақ «Қызылжар» (Петропавл) мен «Жеңіс» (Астана) кездесуінде 1:1 есебі тіркелді.
Дәл қазір «Тұран» (Түркістан) мен «Қайсар» (Қызылорда) ойыны басталды.
Сондай-ақ 17 тамызда 20:00-де «Ордабасы» (Шымкент) мен «Тобыл» (Қостанай), «Жетісу» (Талдықорған) мен «Атырау», «Ақтөбе» мен «Оқжетпес» (Көкшетау), «Астана» мен «Ұлытау» (Жезқазған) ойнайды.
Сұрмергендер көшінде Дәурен Жұмат («Оқжетпес») 10 голмен жеке-дара көш бастап тұр. Назми Грипши («Астана») 9 голмен екінші орында, одан кейінгі орындардағы Дастан Сәтпаев («Қайрат») пен Марин Томасов («Астана») 8 гол соғып үлгерген.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
