10 сағат бұрын
ҚПЛ: «Тұран» он екі ойыннан кейін жеңіске жетті

Фото: «Тұран» футбол клубы
Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің ХХІ турының алғашқы ойын күні өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл күнгі ойындарды «Тұран» (Түркістан) мен «Қайсар» (Қызылорда) кездесуі түйіндеді.
Турнир кестесінде соңғы орындарды місе тұтқан командалар ойынында түркістандық клуб 1:0 есебімен басым түсті. Нәтижесінде 12 ойыннан кейін жеңіске жетті. Олар мамыр айынан бері 11 мәрте қарсыласына есе жіберіп, 1 мәрте тең түсті.
Бүгін алматылық «Қайрат» өз алаңында Семейдің «Елімайына» 2:3 есебімен жол берсе, «Қызылжар» (Петропавл) мен «Жеңіс» (Астана) кездесуінде 1:1 есебі тіркелді.
Сондай-ақ 17 тамызда 20:00-де «Ордабасы» (Шымкент) мен «Тобыл» (Қостанай), «Жетісу» (Талдықорған) мен «Атырау», «Ақтөбе» мен «Оқжетпес» (Көкшетау), «Астана» мен «Ұлытау» (Жезқазған) ойнайды.
Сұрмергендер көшінде Дәурен Жұмат («Оқжетпес») 10 голмен жеке-дара көш бастап тұр. Назми Грипши («Астана») 9 голмен екінші орында, одан кейінгі орындардағы Дастан Сәтпаев («Қайрат») пен Марин Томасов («Астана») 8 гол соғып үлгерген.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
