8 сағат бұрын

Спорт күні қарсаңында сала үздіктері марапатталды

Спорт күні қарсаңында сала үздіктері марапатталды

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Спорт күні қарсаңында жаттықтырушылар, дәрігерлер, әдіскерлер, инженерлер және спортшылар марапатталды


Спорт күні мерекесіне орай елордада отандық дене шынықтыру мен спортты дамытуға үлес қосқан үздік мамандарды марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде ҚР Туризм және спорт министрлігі мәлім етті.

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов жиынға қатысушыларды кәсіби мерекемен құттықтап, ел спортының дамуына үлес қосып жүрген жандардың еңбегінің маңызына тоқталды.

«Спорт – тек халықаралық аренадағы жетістіктер ғана емес, сонымен қатар жаттықтырушылардың, мамандардың және осы саланы дамытуға үлес қосып жүрген барша азаматтың үлкен еңбегі. Дәл сіздердің жанқиярлық, кәсібилік және өз істеріңізге деген сүйіспеншіліктің арқасында біз осындай табысқа жетіп, Қазақстанды спорт алпауыты ретіндегі беделін нығайтып келеміз. Бүгін біз өскелең ұрпаққа үлгі болып, елдің спорт қауымдастығын шабыттандырған жандарға құрмет көрсетеміз», – деді министр.

Салтанатты рәсім барысында жаттықтырушылар, мамандар және спортшылар арнайы марапаттарға ие болды.

«Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісімен марапатталғандар:

• Рүстем Қазиев – «Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК директорының орынбасары;

• Ангелина Лукас – кәсіпқой боксшы;

• Айбат Сейтен – қазақ күресінен әйелдер ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы;

• Богдан Весельский – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК жеңіл атлетикадан аға жаттықтырушысы;

• Қонысбек Түкенов – «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК грек-рим күресінен жастар құрамасының аға жаттықтырушысы;

• Қарлығаш Балабекова – «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК құжаттамалық қамтамасыз ету инспекторы;

• Олег Гриценко – «Астана» олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК велотрек механигі.

«Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталғандар:

• Нұрлыбек Ермағанбетов – қол күресінен жаттықтырушы;

• Мархабат Есімсейтова – «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК құжаттамалық қамтамасыз ету инспекторы;

• Қадырбек Қабдулов – Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мектеп-интернат-колледжінің спорт әдіскері;

• Гаухар Мамырбаева – «Ұлттық спорттық медицина және оңалту орталығы» РММ-нің Астана қаласы филиалының спорттық медицина дәрігері.

Еске сала кетейік, Қазақстанда Спорт күні жыл сайын тамыздың үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Биыл мереке аясында еліміздің барлық аймағында 150-ден астам іс-шара ұйымдастырылып, негізгі басымдық спорт ардагерлерін ұлықтауға, балаларға арналған спорттық іс-шараларға және бұқаралық спортты дамытуға бағытталды.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Қазақстандық маман күрес түрлерінен әлем чемпионатында төрешілік қызмет атқарады

Күрес 3 сағат бұрын

Қазақстандық маман күрес түрлерінен әлем чемпионатында төрешілік қызмет атқарады

Ақжүрек Таңатаров Алматы облысында спорт саласын басқарады

Басқа 4 сағат бұрын

Ақжүрек Таңатаров Алматы облысында спорт саласын басқарады

Рафаэль Уразбахтин «Қайрат» өрескел қателікке бой алдырғанын айтты

Футбол 7 сағат бұрын

Рафаэль Уразбахтин «Қайрат» өрескел қателікке бой алдырғанын айтты

Спорт күні қарсаңында сала үздіктері марапатталды

Футбол 8 сағат бұрын

Спорт күні қарсаңында сала үздіктері марапатталды

Қазақстан шахмат федерациясының атынан жалған ақша жинаушылар кімдер?

Басқа 9 сағат бұрын

Қазақстан шахмат федерациясының атынан жалған ақша жинаушылар кімдер?

Дедезиньо  2024/25 маусымының үздік ойыншысы атанды

Футзал 9 сағат бұрын

Дедезиньо 2024/25 маусымының үздік ойыншысы атанды