8 сағат бұрын

ҚПЛ: «Ордабасы» үшінші ойын қатарынан жеңістің кілтін таба алар емес

ҚПЛ: «Ордабасы» үшінші ойын қатарынан жеңістің кілтін таба алар емес

Фото: ҚФФ

Бүгін футболдан Қазақстан Премьер-лигасының ХХІ туры мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл турдағы негізгі кездесудің бірі «Ордабасы» (Шымкент) мен «Тобыл» (Қостанай) когмандалары арасында өтті. Кездесу барысында шымкенттік клуб қарсыласына 2:3 есебімен жеңіліп, турнир кестесіндегі жағдайын қиындатып алды.

Ал «Жетісу» (Талдықорған) мен «Атырау» 0:0 есебімен тең түссе, «Ақтөбе» мен көкшетаулық «Оқжетпесті» 2:1, «Астана» мен жезқазғандық «Ұлытауды» 4:0 есебімен тізе бүктірді.

Бұған дейін 16 тамызда Түркістанның «Тұраны» өз алаңында Қызылорданың «Қайсарын» 1:0 есебімен жеңсе, алматылық «Қайрат» өз алаңында Семейдің «Елімайына» 2:3 есебімен жол берді.

Ал «Қызылжар» (Петропавл) мен «Жеңіс» (Астана) кездесуінде 1:1 есебі тіркелді.

Қазір турнирлік кестеде 43 ұпаймен «Астана» мен «Астана» көш бастап тұрса, одан кейінгі орындағы «Тобылдың» 41 ұпайы бар.

Сұрмергендер көшінде Дәурен Жұмат («Оқжетпес») 10 голмен жеке-дара көш бастап келеді. Назми Грипши («Астана») 9 голмен екінші орында, одан кейінгі орындардағы Дастан Сәтпаев («Қайрат») пен Марин Томасов («Астана») 8 гол соғып үлгерген. 



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

ҚПЛ: «Ордабасы» үшінші ойын қатарынан жеңістің кілтін таба алар емес

Футбол 8 сағат бұрын

ҚПЛ: «Ордабасы» үшінші ойын қатарынан жеңістің кілтін таба алар емес

Қазақстандық маман күрес түрлерінен әлем чемпионатында төрешілік қызмет атқарады

Күрес 16 сағат бұрын

Қазақстандық маман күрес түрлерінен әлем чемпионатында төрешілік қызмет атқарады

Ақжүрек Таңатаров Алматы облысында спорт саласын басқарады

Басқа 17 сағат бұрын

Ақжүрек Таңатаров Алматы облысында спорт саласын басқарады

Рафаэль Уразбахтин «Қайрат» өрескел қателікке бой алдырғанын айтты

Футбол 21 сағат бұрын

Рафаэль Уразбахтин «Қайрат» өрескел қателікке бой алдырғанын айтты

Спорт күні қарсаңында сала үздіктері марапатталды

Футбол 22 сағат бұрын

Спорт күні қарсаңында сала үздіктері марапатталды

Қазақстан шахмат федерациясының атынан жалған ақша жинаушылар кімдер?

Басқа 23 сағат бұрын

Қазақстан шахмат федерациясының атынан жалған ақша жинаушылар кімдер?