9 сағат бұрын

Футболдан әйелдер лигасында «Ақтөбе» «Атырауды» ірі есеппен жеңді

Футболдан әйелдер лигасында «Ақтөбе» «Атырауды» ірі есеппен жеңді

Фото: Kffleague.kz

Футболдан Әйелдер лигасында ХVІІІ туры мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл турдағы бір ойын алдын ала өткізілсе, алтауы бүгін болады.

Қазір шымкенттік БИІК, «Ақтөбе», «Томирис-Тұран» командалары үздік үштікте келеді.

Биыл алдына чемпиондық атаққа қол жеткізуді мақсат еткен «Ақтөбе» аталған турда сәтті ойын өткізді. Сырт алаңда ойнағанына қарамастан «Атырауды» 15:0 есебімен тізе бүктірді. Нәтижесінде 52 ұпаймен Шымкенттің БИІК командасымен алғашқы екі орынды өзара бөлісіп тұр.

«Атырау» - «Ақтөбе» 0:15

«Жеңіс» (Астана) - «Томирис-Тұран» (Түркістан) 0:4

«Елімай» (Семей) - «Ұлытау» (Жезқазған) 2:0

«Жетісу» (Талдықорған) - «Қызылжар» (Петропавл) 0:6

«Тобыл» (Қостанай) - «Астана» 0:5

«Қайсар» (Қызылорда) - «Қайрат» (Алматы) 1:3

Бұл турдағы алдын ала өткізілген ойында шымкенттің БИІК (Шымкент) сырт алаңда Көкшетаудың «Оқжетпесін» 18:0 есебімен жеңді. 

Федерация талабымен ерлер клубтарының жанынан биыл әйелдер құрамалары құрылған. Өткен жылы чемпионатқа тек 4 өңірден 5 команда ғана тіркелген еді.

Әр команда сапында кемінде қазақстандық футбол мектебінің 13 түлегі болуға тиіс деген талап қойылып отыр.

Енді алдағы тур ойындары 23 және 25 тамыз күндері өткізіледі.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Астанада велотректен Қазақстан чемпионаты басталды

Басқа 9 сағат бұрын

Астанада велотректен Қазақстан чемпионаты басталды

Камиль Куруглиев еркін күрестен әлем чемпионаты финалына шықты

Күрес 9 сағат бұрын

Камиль Куруглиев еркін күрестен әлем чемпионаты финалына шықты

Футболдан әйелдер лигасында «Ақтөбе» «Атырауды» ірі есеппен жеңді

Футбол 9 сағат бұрын

Футболдан әйелдер лигасында «Ақтөбе» «Атырауды» ірі есеппен жеңді

Едіге Қасымбек - еркін күрестен 20 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионы

Күрес 10 сағат бұрын

Едіге Қасымбек - еркін күрестен 20 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионы

Майкл Веккьоне биыл «Барыс» сапында ойнайды

Хоккей 15 сағат бұрын

Майкл Веккьоне биыл «Барыс» сапында ойнайды

Түркістан облысында халықтың күшімен салынған футбол алаңы бұзылуы мүмкін

Футбол 21 сағат бұрын

Түркістан облысында халықтың күшімен салынған футбол алаңы бұзылуы мүмкін