16 сағат бұрын
Чемпиондар лигасы: Бірінші кезеңнен кейін «Қайрат» пен «Селтик» тең ойнап жатыр

Фото: «Қайрат» футбол клубы
Бүгін футболдан UEFA Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңіндегі алматылық «Қайрат» пен шотландиялық «Селтик» кездесуінің бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Шотландияның Глазго қаласында өтіп жатқан ойын барысында алаң иелері алғашқы минуттан тізгінді өз қолында ұстауға тырысты. Десе де оған қазақстандық команда мүмкіндік берген жоқ. Қарсы шабуылға шығып, гол соғатын мүмкіндікті іздеді. Осындай сәттің бірінде алматылық клубтан Жоржиньо өз мүмкіндігін пайдалана алған жоқ. Алматылық клуб сапынан жас футболшы Дастан Сәтпаевтың белсенділігі көрініп тұрды.
Бірінші кезеңнің аяқ шеніне таман «Селтик» шабуылды үдете түсті. Бұл сәтте алматылық команда сауатты қорғана білді.
Осылайша бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ. Командалар 0:0 есебімен үзіліске кетті.
Алматылық футболшылар аталған турнирдің алғашқы үш іріктеу кезеңінде Словенияның «Олимпия» (1:1, 2:0), Финляндияның КуПС клубтарын (0:2, 3:0), Словакияның «Слован» (1:0, 0:1, пенальтиден 4:3) командасын қапы қалдырып кетті.
«Селтик» еурододадағы алғашқы ойынын плей-офф кезеңінен бастады.
Қазірге дейін «Селтик» командасының еурокубок ойындарында қазақстандық клубтармен үш мәрте жолы түйісті. Қарағандылық «Шахтерді» бір, елордалық «Астананы» екі мәрте қапы қалдырып кеткен еді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
